Тынышбай Рахымовтың туғанына - 80 жыл

Биыл ақын, композитор, белгілі журналист Тынышбай Рахымовтың туғанына – 80 жыл. Осыған орай ақынның туып-өскен, алғаш еңбек жолын бастаған Сарысу ауданында «Ән болып қалған ғұмыр» атты еске алу кеші өтті.

Әдеби-сазды іс-шараға ақынның туыстары, жерлестері мен ақын-жазушылар қатысты. Тынышбай Рақымов есімі аталғанда, көпшілікке «Алтайдың ар жағынан келген ару» әні еске түседі. Ол – ақын, сазгер, журналист, аудармашы. Сөз өнерін серік еткен қаламгер алғашқы еңбек жолын дәл осы Жаңатас қаласындағы орта мектепте мұралім болып бастаған. Кейін аудандық «Шұғыла» және облыстық «Еңбек туы» газеттерінде қызмет етіп, журналистикадағы қолтаңбасын қалыптастырды.

Амангелді Әбіл, Қазақстанның құрметті журналисі:

- Қазақтың қара өлеңінде болсын, Тынышбай ағаны елдің бәрі жақсы біледі. Журналистикадағы ол кезде коммунистік партияның кезі. Сынды, өзекті мәселелерді көтерген әдебиетте мәдениетте. Тіпті қаламының желі бар. Біз сол кісіге ұқсасақ деп бала кезімізден талпынып өстік. Тынышбай ағамыз халқы барда жасай береді.

Тынышбай Рахымов – Ілияс Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтың иегері. 20-ға жуық жыр жинақтары мен «Алтайдан сәлем» атты ән жинағының авторы. Халыққа танымал «Кеш жарық!» хабарының авторы және жүргізушісі болды. Оның шығармаларында туған жерге деген сағыныш, елге деген сүйіспеншілік пен адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан.

Қарашаш Ахметқызы, Т.Рақымовтың зайыбы:

- Кез келген өнер адамы өзінің өскен жерін, кіндік қаны тамған жерін жырламай әңгімелемей өткен емес. Соның бірі – біздің Тәкең. Мына жердің жусаны да, тасы да, көлі де өлең болған. Әрбір жинағында әжесіне арнаған 2 өлеңнен болып жататын. Енді екі бастан бұл кісіні елдің бәрі махаббат жыршысы деп түсінген. Махаббатты жарлаған ақын.

Еске алу кешінде сазгердің танымал әндері орындалып, ақынның өлеңдері оқылды. Өмір жолынан сыр шертетін сахналық қойылымдар ұсынылды. Тынышбай Рақымов – ақын, композитор, журналист қане емес, аса талантты аудармашы ретінде де ұлттық әдебиетке үлес қосқан қаламгер. 

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә

Сондай-ақ оқыңыз: