Астанада аяқ киім қорабынан есірткі табылды

Фото: polisia.kz

Астанада полиция есірткі заттарын сақтап, таратты деген күдікпен 26 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті екі жасырын орыннан есірткі алып жатқан жерінде қолға түскен, деп хабарлайды «24KZ».

Жедел іс-шара барысында полицейлер аталған орындардан қала аумағында таратуға арналған тыйым салынған заттар салынған 100-ден астам орама тәркіледі.

Кейін күдіктінің тұрғылықты жері тінтілді. Пәтерден аяқ киім қорабының ішіне жасырылған, ақ түсті ұнтақ тәрізді, өзіне тән иісі бар зат салынған қосымша орамалар табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың құрамында мефедрон мен альфа-PVP болуы мүмкін. Орамалардың сырты түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған.

— Барлық зат тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген хабарламада.

Полиция қылмысқа қатысы бар өзге де адамдарды анықтап жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Сондай-ақ оқыңыз: