Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін өзгертті

depositphotos.com

Қазақстан азаматтары үшін Таиландта визасыз жүру мерзімі 60 күннен 30 күнге дейін қысқарады. Тиісті шешім Корольдіктің Министрлер кабинеті тарапынан қабылданып, 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңа ережелерге сәйкес, қазақстандықтар ел аумағында визасыз 30 күнге дейін ғана бола алады. Сонымен қатар, жалпы болу мерзімі 180 күндік кезең ішінде 90 күннен аспауы тиіс. Бұл ретте жарты жыл ішінде жасалған барлық сапарлардың мерзімі өзара жиынтықталады және белгіленген жалпы лимиттен асып кетуге жол берілмейді.

Егер сапар 30 күннен ұзаққа созылса, алдын ала тиісті виза рәсімделуі қажет.  Қазақстанның осы елдегі елшілігі ұзақ мерзімді демалысты жоспарлап отырған азаматтарға жаңа миграциялық талаптарды ескеруге кеңес береді.

Бұдан бөлек, 28 тамыздан бастап Таиландта шетелдіктерді депортациялаудың жаңа ережелері күшіне енгені атап өтілді. Жергілікті заңнаманы бұзған немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірген тұлғалар елден тыс жерге шығарылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: