Бельгияда «Шаңырақ астындағы диалог» атты жиын өтті
«Қазақстанның жаңа саяси дәуірі: конституциялық реформалар іс жүзінде». Брюссельде осы тақырыпта «Шаңырақ астындағы диалог» пікірталас алаңында келелі жиын өтті.
Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің ауласында құрылған қазақтың киіз үйінде еуропалық институттардың, дипломатиялық корпустың, сарапшылық және іскерлік топтардың өкілдері бас қосып, еліміздегі конституциялық өзгерістердің алғашқы нәтижелері мен алдағы саяси даму перспективаларын талқылады. Жиында Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко сөз бастады. Ол елімізде мемлекеттік институттарды одан әрі нығайтуға, қоғамдық диалогты дамытуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған реформалардың жаңа кезеңі басталғанын сөз өтті. Дипломат сондай-ақ Қазақстанның халықаралық серіктестермен, соның ішінде Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің перспективаларына назар аударды. «Еуроодақ тынысы» басылымының бас редакторы Георги Готев Қазақстанға жақында жасаған сапарынан алған әсерімен бөлісіп, Құрылтай сайлауының елдің саяси дамуындағы маңызды кезең екенін атап өтті. «Дипломатия әлемі» басылымының жоба директоры Альберто Тююркстра болса, қазіргі кезеңді Қазақстанның саяси және институционалдық дамуындағы түбегейлі өзгерістер уақыты деп сипаттады.
Альберто Тюркстра, «Дипломатия әлемі» басылымының жоба директоры:
- Бұл – институционалдық жаңғырудың белгілі бір деңгейдегі шарықтау шегі. Яғни геосаяси және ішкі саяси тұрғыдан алып қарағанда бүгінгі жағдайға жақсырақ бейімделген институттарды қалыптастыру үдерісінің қорытынды кезеңі деуге болады. Сонымен бірге бұл – жаңа кезеңнің бастауы. Өйткені енді реформаларды іс жүзінде жүзеге асыру басталады.