Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары
Биыл жарты жылда елдегі қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді. Бұл Ішкі істер органдарының «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында қол жеткізген көрсеткіші.
Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар саны да 19%-ға төмендегені байқалады. Бүгінде қылмыстардың басым бөлігі цифрлық технологиялардың көмегімен ашылуда. Бұл бастама көшедегі камераларды, білім беру нысандарындағы және көлік тораптарындағы бақылау жүйелерін біріктіретін қоғамдық кеңістіктердің біртұтас цифрлық жабынын құруды көздейді.
Тәртіп сақшылары адам өмірін сақтау және жол апаттарының алдын алуға басымдық береді. Жүйелі профилактикалық жұмыстар нәтижесінде биылғы 7 айда жол-көлік оқиғаларының саны 4%-ға, қаза тапқандар 16%-ға, жарақат алғандар 6%-ға азайды. Өрескел құқық бұзушылыққа жол бергені үшін 18 мың жүргізуші кәулігінен айырылды. 15,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды. Сондай-ақ жолдағы тәртіпті бақылауды күшеуті үшін автожолдарда 31 мыңнан астам автоматты тіркеу жүйесі орнатылған.