Шымкентте ауаны ластаған 3 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Шымкентте ауаны ластаған үш кәсіпорынның жұмысы сот шешімімен уақытша тоқтатылды. Биыл Экология департаментінің қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау заңдарын бұзғандарға 63 әкімшілік хаттама толтырды.
Атмосфераға нормадан тыс зиянды қалдық шығарған, табиғатты ластағандарға жалпы сомасы 288 миллион теңге айыппұл салынды. Қалада ауа сапасын бақылайтын 7 бекет жұмыс істейді. Соңғы мәліметтерге сәйкес зиянды қалдықтардың көлемі 31 мыңнан 40 мың тоннаға дейін көбейіп кеткен. Осыған байланысты рейдтік бақылау жұмыстары күшейтілді.
Ермахан Қозыбаев қалалық Экология департаментінің басшысы:
- Бізде рұқсат құжаттары болмаса 328-баптың 4-тармақшасына сәйкес сотқа жолданады. Сондай екі мекемеге қатысты да сотқа жолданған болатын. Қазіргі уақытта осы мекемелерге айыппұлдар салынып, сот шешімімен уақытша тоқтатылды.