Түркістанда көпқабатты үйден өрт шықты
Солтүстікте дала өрті жиілесе, Түркістанда 12 қабатты тұрғын үйді шарпыған тілсіз жау ауыздықталды. Оқиға Жаңа қала шағын ауданында болған.
12 қабатты көппәтерлі үйдің 8-11 қабаттары аралығындағы сыртқы қаптамасы қызыл жалынға оранды. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 60-тан астам адамды жоғарғы қабаттан арнайы баспалдақпен түсіріп, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өртті де автосаты арқылы сөндірді. Абырой болғанда өрт пәтерлерге жеткен жоқ. Зардап шеккендер де жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.