Samruk-Kazyna Trust Ақмола облысында 26 жобаны іске асырды

Соңғы 10 жылда «Samruk-Kazyna Trust» қоры Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар 26 жобаны жүзеге асырды. 

Олардың жалпы құны 2 млрд теңгеден асады. Өңір әкімдігімен бірлесе іске асқан игі бастамалар денсаулық сақтау, инклюзия, білім беру мен бұқаралық спорт сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Өткен жылы Қордың қолдауымен аймақтағы бес мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. 

Көкшетаудағы №13 мектеп-гимназиясындағы инклюзивті білім беру кабинеті былтыр ашылды. Қазір мұнда 100-ге жуық ерекше бала тәлім алады. Бір жылдың ішінде олар арнайы мамандармен жұмыс істеп, біршама жетістікке жеткен.

Айнаш Мұстафинова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Баламның уже динамикасы өзгере бастады. Өзін ұстауы, қимыл қозғалысы, тепе-теңдікті жақсы ұстайтын болды.

Дәл осындай сыныптар өңірдегі төрт ауылдың мектебінде де ашылды. Нәтижесінде 164 бала инклюзивті біліммен қамтылды. Жоба «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы –  «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Альфия Адиева, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры:

- Біз Ақмола облысынан өзге Семей, Ақтөбе, Атырау және Астана қалаларында 46-ға жуық инклюзивті білім беру кабинеттерін ашып, жыл сайын бұл кабинеттерді 3 мыңға жуық ерекше бала білім алуда.

Бұдан бөлек, Қор Қосшы қаласындағы жалғыз арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын заманауи қондырығылармен жабдықтап берген. Қазір «Аққу» орталығында ерекше білімді қажет ететін 35 бала оқиды.

Алина Смағұлова, «Аққу» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:

- Біздің орталыққа «Samruk-Kazyna Trust» қоры есебінен вертикализатор, қабырғалық бисиборд, ногоборд сияқты заманауи құрылғылар алынды. Бұл балалардың сапалы білім алып, дамуыа үлкен мүмкіндік береді.

10 жыл ішінде қордың қаржыландыруымен өңірде оңалту және ерте араласу орталықтары, спорт кешендері мен әмбебап спорт алаңдары іске қосылып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосылды.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный

Сондай-ақ оқыңыз: