«Даму» арқылы 100 млн теңге несие алып беремін деген алаяқ сотталды

Фото: depositphotos.com

Астанада жеңілдетілген несие алып беруге уәде етіп, азаматтардан ақша алған алаяқ сотталды, деп хабарлайды 24KZ.

Ол жәбірленушілерге «Даму» қорының бағдарламасы арқылы 100 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Осы үшін әрқайсысынан 1 млн теңгеден алған. Алайда азаматтармен консалтингтік қызмет көрсету туралы жалған шарттар жасасып, уәдесін орындамаған.

Осылайша төрт жәбірленушіге жалпы 4 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Прокурор сотта сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға және несие рәсімдеу кезінде тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырды. Ақшалай сыйақы үшін, әсіресе делдалдар арқылы несие алып беруге уәде ету алаяқтық әрекеттің белгісі болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз: