Жоңғар Алатауында борсық фототұзаққа түсіп қалды
Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтардың бірі борсықты тіркеді, деп хабарлайды «24KZ».
Борсық (Meles meles) – таулы және орманды аумақтарды мекендейтін сүтқоректі жануар. Ол жәндіктермен, ұсақ омыртқалылармен және өсімдік тектес азықпен қоректенеді.
Мұндай кадрлар тек әдемі көрініс емес. Фототұзақтан алынған деректер мамандарға жануарлардың таралуын, белсенділігін және мекендеу ортасын бақылауға мүмкіндік береді, – делінген ақпаратта.
Фототұзақтар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін адам араласуынсыз бақылауға мүмкіндік береді. Ал бұл жолы Жоңғар Алатауының жабайы табиғатынан камера объективіне борсық іліккен.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз