Астанада көлік аударылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды
Астана көшелерінің бірінде автокөлік аударылып қалған, деп хабарлайды «24KZ».
Аударылған көліктің суреттері мен видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйекте таңертең болған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмада Е-900 көшесінде BMW автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрге соғылған.
Осыдан кейін көлік көшедегі жарық бағанына соғылып, аударылып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп толықтырды полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз