Өскеменде зейнеткер екінші қабаттан құлап кетті
Өскеменде зейнеткер көпқабатты үйдің екінші қабатынан құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды «24KZ».
Оқиға Космонавтар көшесінде болған. 70 жастағы әйел түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Аталған ақпаратты полиция растады.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз