Есірткі қылмысы бойынша күдікті адам Ресейден экстрадицияланды

Қазақстанда есірткі қылмысына қатысы бар күдікті Ресейден экстрадицияланды.

"Ол Теміртау қаласында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өндіруді ұйымдастырған. Кейіннен психотроптық заттар Қарағанды облысында таратылған", деп хабарлайды Бас прокуратура. Күдікті кірген ұыймдасқан қылмыстық топтың мүшелеріннен 10 килограмға жуық мефедрон тәркіленді. Тергеу барысында қылмыскерлер түрлі қаржылық операциялар арқылы кірістерін заңдастырғаны анықталған. Соның ішінде криптовалюта айырбастау қызметтері арқылы 1,8 млрд теңгеден астам қаржыны, 600 млн теңгеден астам ақшаны жылжымайтын мүлік, бизнес нысандары мен көлік сатып алу арқылы заңдастырған. Аталған активтерді мемлекет кірісіне айналдыру мақсатында оларға тыйым салынған.

Ерлан Жанпейсов, ҚР Бас прокуратураның ресми өкілі:

- Қазіргі уақытта қылмыстық топтың жекелеген мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Ал басқа сыбайластары, оның ішінде күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Өткен жылдың қазан айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Бүгінгі күні ол тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен қатар 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз: