Almaty SuperSki болашақта жыл бойы жұмыс істейді
Алматыда қолға алынған Almaty SuperSki тау курорты болашақта жыл он екі ай жұмыс істейді.
Көкжайлауда жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын тау шаңғысы трассалары және 11 аспалы жол салынады. Трассалардың шамамен 70 пайызы жаңадан үйренушілер мен балалы отбасыларға қолжетімді болады. Ал кешен тәулігіне 15 мың қонақты, оның ішінде 10 мың жаяу туристі қабылдауға мүмкіндігі бар. Жоба аясында 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кешенді 2028 жылдың желтоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.