Қызылорда облысында үш теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті

Қызылорда облысында Жосалы, Төретам және «Арал теңізі» вокзалдары күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. 

Бұл ғимараттардың салынғанына ғасырдан асқан. Олар «Орынбор – Ташкент» теміржолының құрылысы кезінде бой көтерген. Жөндеу барысында вокзалдардың іргетасы мен қасбеті қапталды. Шатыры, есіктері мен терезелері жаңартылды. Электр желілері мен жылу жүйесі қайта жүргізіліп, заманауи құралдар орнатылды. Жолаушылар үшін күту залы, медициналық пункт, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы аналарға арналған арнайы бөлмелер қарастырылған. Қазір елде 124 вокзал жөнделіп жатыр. 

Жасқайрат Мәмбетәлиев, «Арал теңізі» теміржол вокзалының бастығы:

- Бұл жерден қаншама турист өтеді. Арал теңізінің тарихы баршаға мәлім. Осы өңірді және теңіз тарихын зерттеу, сондай-ақ басқа да мақсаттармен Аралға келетін туристердің қатары өте көп. Қазіргі таңда Арал теңізі станциясы арқылы екі бағытқа қатынайтын 12 пар, яғни 24 пойыз тоқтап өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз: