Республикалық жолдарда орташа жылдамдықты бақылау күшейтіледі
Елімізде жолдағы бақылау күшейеді.
Жыл соңына дейін республикалық трассалардағы 16 учаскеге жаңа жүйе орнатылмақ. Орташа жылдамдықты бақылау құрылғысы бүгінге дейін жол апатының санын азайтуға айтарлықтай көместескен. Қазіргі таңда ол 2,8 мың шақырымдық 12 учаскеде іске қосылып тұр. Министрлік енді олардың санын көбейтеміз деп жоспарлап отыр. Қара жолда қарашаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бүгінгі үкімет отырысында пысықталды. Енді жол ережесінде де біраз өзгеріс енгізілімек.
Көлік тізгіндеген көпті елең еткізер өзгеріс көп. Мәселен, оң рульді көліктерді такси ретінде қолдануға тыйым салынады. Қазіргі таңда 70 мыңға жуық темір тұлпар тасымалдау процесінен шығарылған. Көлік және Ішкі істер министрлігі Яндекс, inDrive-пен бірігіп қарашаның қауіпсіздігі үшін осындай шектеу шарасын қолға алыпты. Тек бұл ғана емес ендігі жерде техникалық байқау орталықтарының жауапкершілігі күшейтіліп отыр. Оларға бұдан былай қызмет көрсету үшін арнайы рұқсат алу керек. Ал техникалық байқауды тек қағаз жүзінде жасай салғандардың жұмысы 3 жылға дейін тоқтатылады. Ережені ескермегендерге салынатын айыппұл көлемі 30-дан 100 АЕК-ке дейін өсіп отыр.
Нұрлан Сауранбаев, ҚР көлік министрі:
- Енді ережені ескермей, айласын асырамын деген жүргізушілерді жасанды интеллект жөнге салмақ. Жолдағы жаңа жүйе сегіз сағаттан артық көлік тізгіндегендерді бірден анықтайды. Мұнымен қоса темір тұлпар тізгіншісінің бір камераның алдындағы жылдамдығы ғана емес, белгілі бір жол бөлігін қанша уақытта жүріп өткені де есептеледі. Бұл құрылғы қазіргі таңда елдегі 12 учаскеде орнатылған. Нәтижесінде сол аумақтардағы жол апаты 10 пайызға, адам өлімі 33 пайызға, жарақат алғандар саны 12 пайызға азайыпты.
Ержан Сәденов, ҚР Ішкі істер министрі:
- Жолдағы ережені ескермегендерге де жаза қатаң. Жиында үкімет басшысы трассадағы тәртіпті қасақана бұзатын жүргізушілерге айыппұл төлеу кезінде жеңілдік бермеуді тапсырды. Түнгі уақытта сауық іздеп шектен тыс шу шығаратын автомобиль мен мотоцикл жүргізушілеріне жазаны қатаңдатуды талап етті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер министрі:
Дегенмен, ережені елемей, жолда жүйткитін жүгенсіз жүргізуші азаймаған. Әсіресе республикалық маңызы бар жолдардағы талап орындалмай тұрған көрінеді. Себебі қара жолда қыршын кеткендердің тең жартысы осы республикалық трассаларда орын алып жатыр. Адам өлімі ең көп тіркелген жол учаскелері үштігінде Жамбыл, Алматы, Ақтөбе облыстары көш бастайды. Бұдан бөлек министр жолдардың сапасы да сын көтермейтінін ашық айтты. Сөзіне сенсек, бүгінде заманауи талаптарға жолдардың тек 16%-ы ғана сай келеді.
Кәмшат Мұхамеджан, Ырыстанбек Оспанов