Ақмола облысында жаңа көпір қолданысқа берілді

Ақмола облысында «Жақсы-Есіл-Бұзылық» бағытындағы трассада жаңа көпір пайдалануға берілді.

Ұзындығы 255 метр болатын жол нысаны 60 жыл уақыт пайдаланылған ескі өткелдің орнына салынды. Қазір көлік қозғалысы толықтай ауысқан көпір өңірдің көлік-логистикалық саласында ерекше маңызға ие. Себебі Ақмола облысын Астанамен, сондай-ақ Қостанай өңірі мен одан әрі Ресеймен осы жол байланыстырады. Құрылысы үш жылда аяқталған жобаға қазынадан 5,5 млрд теңге бөлінген еді.

Дархан Иманашев, “Қазавтожол” ҰК” АҚ Басқарма төрағасы:

- Президенттің тапсырмасына сәйкес, жыл сайын Ақмола облысында 70 млрдтың көлемінде әртүрлі жұмыстарға қаражат бөлінеді. Оның ішінде орташа жөндеу, күрделі жөндеу. Оның аясында скл. соңғы екі жылдың ішінде жолдардың қанағаттанарлық көрсеткіші 89 пайыздан 96 пайызға дейін ұлғайды.

Светлана Бекжанова, Бұзылық ауылының тұрғыны:

- Бұрынғы көпірдегі жолымыз қиынырақ болды. Қазір жолымыз кішкене қысқарып, өте қауіпсіз деп ойлаймын мен. Құтты болсын, жолымыз ашық, көпіріміз берік болсын.

Сондай-ақ оқыңыз: