Құрылтай ОСК мүшелерін тағайындауға келісім берді
Бүгін Құрылтай отырысында депутаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Орталық сайлау комиссиясы мүшелері лауазымына тағайындауға ұсынған кандидатураларға келісім берді, деп хабарлайды «24KZ».
Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Склярдің мәліметінше, Мемлекет басшысы ОСК мүшелері лауазымына мына тұлғаларды ұсынды:
Азамат Мақсотұлы Айманақұмов,
Михаил Михайлович Бортник,
Мұхтар Тілдебекұлы Ерман,
Әсел Болатқазықызы Жанабілова,
Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік,
Шафхат Әнесұлы Өтемісов.
Осы ретте депутат Үнзила Шапақ Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымдарына кандидатураларды талқылағанын атап өтті.
Сонымен қатар аталған кандидатураларды ОСК мүшелері лауазымдарына тағайындауға келісім беру қорытындысы қабылданғанын айтты.
Осыдан кейін Құрылтай спикері Айбек Дәдебай Орталық сайлау комиссиясының мүшелері лауазымына тағайындауға келісім беру бойынша қаулылардың жобаларын дауысқа қойды. Шешім әр кандидатура бойынша жеке-жеке қабылданды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз