Ақтөбе облысында астық түсімі артты

Ақтөбе облысының диқандары былтырғыдан қарағанда биыл астықты 70 мың тоннадай артық жинады. Бұған ауа-райы қолайлылығы, көктем мен жаздағы жауын-шашынның мол түсуі сеп болған. Өңірде егін ору науқаны аяқталуға жақын. Өнімнің 90 пайызы жиналып, 530 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарынан 14 центнерге жақындайды. Былтыр 11,5 центнерден түскен еді. Жалпы биыл облыста 435 мың гектар алқапқа дәнді-дақылдар егілген, деп хабарлайды 24KZ.

Нұрбек Райымбаев, Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы;:

— Ауа райы жағдайлары егін жинау жұмыстарына қолайлы. Бір апта көлемінде дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуы күтіледі. Қазіргі уақытта егін жинау жұмыстары Темір, Ойыл, Мұғалжар аудандарында аяқталды, Хромтау ауданында аяқталуға жақын. Әйтеке би, Алға, Қарғалы, Мәртөк аудандарында аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта элеваторға түскен астықтың сапасы жақсы, 3-сыныпты астықтың көлемі 70 пайызды құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз: