Түнгі заңсыз жарыстарға қатысты жазаны күшейту ұсынылды

Түнгі тыныштықты бұзатындарға бақылауды күшейту керек. Ел ішінде өзекті боп тұрған бұл мәселені бүгін құрылтай депутаты көтерді. Кендебай Адамбектің айтуынша, бүгінде мотоциклдер мен автокөліктердің рұқсатсыз жарыстарын ұйымдастыру жиілеген. «Көше кезгендердің ерсі әрекеті қарашаның мазасын қашырады», — деді халық қалаулысы. Құқықбұзушылар көп жағдайда жауапкершіліктен тыс қалып жатады деген ол тәртіпке салудың тың әдісін ұсынды, деп хабарлайды 24KZ.

Кендебай Адамбек, ҚР Құрылтай депутаты:

- Олар жылдамдықты асырып, пиротехника қолданып, тұрғын үйлер орналасқан аумақта әдейі қатты шу шығарады. Бұл мәселе жол қозғалысы ережесін бұзу шеңберінен шығып, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты мәселеге айналды. Сонымен қатар азаматтардың тынығуына, түнгі тыныштығына теріс әсер етеді. Алайда құқықбұзушылар көп жағдайда жауапкершіліктен тыс қалып жатады.

 

Сондай-ақ оқыңыз: