Семейдегі биологиялық орталыққа екі кенгуру әкелінді

Семейдегі биологиялық орталыққа Алматы хайуанаттар бағынан екі кенгуру әкелінді. 4 жасар жануарларды жергілікті жұрт «Тик» пен «Так» деп атап жүр. Кенгурулер Алматыға Австралиядан жеткізілді.

Қазір олар жаңа ортаға бейімделіп жатыр. Күн суытып, қыс түскенде олар температурасы 25-30 градус болатын арнайы павильонға орналастырылады. Айта кетейік, Семейдегі биология орталығында 500-ден астам аң-құс бар. Оның 12 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Юлия Миршанова, биологиялық орталық директорының оқу-ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары:

- Күтіміне келсек, аса қиындық тудырмайды. Жуас, адамнан жатырқамайтын жануарлар. Қазір олар жазғы қаумалда тұр. Ауа температурасы төмендеп, күн суыта бастағанда қысқы павильонға ауыстырамыз.

Альмира Маулетова, қала тұрғыны:

- Хабарламадан кенгру келгенін көріп, балаларды алып келген болатынбыз. Балалар өте риза, мәз. Барлығы ұнап жатыр. Семей қаламыздағы биологиялық орталыққа жаңадан жануарлардың келіп жатқанына ризамыз. Көркейе берсін.

Сондай-ақ оқыңыз: