Жол сапасын бағалау жүйесін қайта қарау керек
Елде жол сапасын бағалау жүйесін қайта қарау керек.
Құрылыс жұмысын басынан аяғына дейін қатаң қадағалау қажет. Халық Кеңесінде сөз алған Мемлекет басшысы жауаптыларға осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды 24KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев жол активтері сапасы ұлттық орталығы мекемесінің қызметін күшейту керектігін айтты. Салаға түбегейлі реформа жасап, қоғамдық бақылауды арттыру қажеттігін тілге тиек етті. Қазірде жол саласындағы ахуал мәз еместігін ашық айтты.
Мәселен, «Талдықорған-Өскемен» күре жолының ашылғанына көп уақыт өтпесе де тоза бастаған. Осындай салғырт жасалған жұмыстың кесірі қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы да мүмкін. Сондықтан Президент барлық құрылысты сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруды тапсырды.