Ақтау гарнизонындағы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жүріп жатыр

Ақтау гарнизонында әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-тергеу тобы құрылды. Оқиға орнына Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының қызметкерлері жұмылдырылған. Мән-жайды жан-жақты әрі объективті анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Ал тергеу барысы ерекше бақылауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыз: