Түркияда Google компаниясына қатысты тергеу басталды
Бұған жасанды интеллект технологияларын пайдалану кезінде талаптардың бұзылуы себеп. Ақпарға қарағанда іздеу жүйесіндегі жасанды интеллект шолулары мен қысқаша мазмұндамалар жаңалық сайттарындағы оқырман санын азайтып, жергілікті басылымдарды табысынан айырып отыр.
Осыған байланысты уақытша шаралар аясында Google компаниясына нейрожелілердің жұмысы үшін жаңалық сайттарының контентін пайдалануға тыйым салынды.