Каспийдегі қасірет қайталанды: 11 жыл бұрын 4 сарбаз суға кеткен
Каспий теңізінде әскери жаттығу кезінде мұндай қайғылы жағдай бұған дейін де болған. Осыдан тура 11 жыл бұрын – 2015 жылғы 18 қыркүйекте Ақтау маңындағы «Орталық–2015» оқу-жаттығуы кезінде теңіз десантын түсіруге 6 БТР-80 мен 52 әскери қызметші жұмылдырылған.
Алайда жағалаудан 150 метр ұзағанда қатты жел тұрып, биік толқын әсерінен төрт бронетранспортер суға кеткен. Салдарынан мерзімді әскери қызметтегі төрт сарбаз көз жұмды. Кейін бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, бірқатар әскери лауазымды тұлға жауапқа тартылған.