Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздың жағдайы тұрақталды
Ақтауда Үкіметтік комиссия отырысында аман қалған сарбаздың жағдайы туралы айтылды. Дәрігерлердің мәліметінше, ол тәуір болды.
Айта кетейік, қаза болған жауынгерлердің отбасына мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіледі. Қазірдің өзінде жер-жерден қолдау көрсетіп, арнайы шотқа қаржы аударып жатқандар бар. Қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Талғат Исламұлы, тілші:
- Әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталғаны да айтылды. Оларға қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген айып тағылуда. Ал енді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жатқан сарбаздың жағдайы жақсарғаны көңілге демеу болды. Кеше ауыр халде жансақтау бөліміне түскенде алаңдап қалғанымыз рас еді.
Тимур Қыдырниязов, сарбаздың әкесі:
- Өздеріңіз білесіздер, бүгін таңертең соңғы екі сарбаздың денесі судан шығарылды. Осылайша, іздестіру-құтқару жұмысы аяқталды. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жалпы іздестіру жұмыстарына жеке құрамнан 252 адам, 34 арнайы техника, 37 сүңгуір, 14 катер мен 20-дан астам тікұшақ жұмылдырылды. Бүгін – елде жалпыұлттық аза тұту күні. Барлық жерде мемелкеттік ту төмен түсірілді. Мәдени-демалыс шаралары тоқтатылды. Айта кетейін, қаза болған жауынгерлердің денесін туған жерлеріне жеткізіп жатыр. Бүгін таңда Оралға үш сарбаздың мәйіті жекізілді.