Қорғаныс министрі Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесті

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу барысында қайғылы жағдайда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына барды, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомствоның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында кездесуден видео жарияланды. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, министр қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтып, олардың қайғысын ешбір сөзбен жеңілдету мүмкін емес екенін атап өтті.

Сондай-ақ Дәурен Қосанов марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетініне сендірді.

Сондай-ақ оқыңыз: