Елдегі халықтың 80% газбен қамтылады  

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді. Ол үшін ведомство магистральдық газ тасымалдау инфрақұрылымым мен өңірлік желілерді кешенді дамытпақ.

Мәселен, «Есіл – Астана» жобасы солтүстік өңірлерді газдандыру үшін стратегиялық маңызға ие. Ол Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Ал «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі оңтүстік және орталықтағы сұранысты жабады. Тағы бір бастама Ақтөбе облысындағы КС-14 компрессорлық станциясынан Қостанай қаласына дейін газ құбырын салу. Бұл солтүстік өңірлерді одан әрі газдандыруға қосымша құрал. Бұдан бөлек, ұзындығы шамамен 302 шақырым «Талдықорған – Үшарал» құбыры Жетісу облысынан өтіп, 84 елді мекенге табиғи газ жеткізуге жол ашады. Жоба 2025 жылы пайдалануға берілді. Ведомствоның хабарлауынша, елдің басқа облыстарында да жеткізуші және тарату газ желілерінің құрылысы жалғасады. 

Сондай-ақ оқыңыз: