Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Грузиядан табылды

Аса ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматы Грузиядан елге жеткізілді. Құзырлы органдардың мәліметінше, ол тендер арқылы мемлекеттік медициналық мекемелерге талапқа сай келмейтін жабдықтар жеткізген.

Шетелдік бөлшектерден құрастырылған медициналық техниканы отандық өнім ретінде көрсеткен. Салдарынан мемлекетке 4 жарым миллиард теңгеден астам шығын келген. Биыл Бас прокуратура Грузиядан барлығы 7 адамды елге қайтарды. Олардың бесеуі қаржы жымқырды деген күдікпен іздеуде болған.

Ерлан Жанпейісов, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған. Ағымдағы жылдың наурыз айында ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз: