Талдықорғанда театр алдында салют атқан тұрғынға айыппұл салынды

фото: depositphotos.com

Талдықорғанда Бикен Римова атындағы театрдың алдында салют атқан 23 жастағы тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.

Демалыс күндері бір топ жас досын құттықтау үшін театр ғимаратының алдында салют пен отшашу ұйымдастырған.

Заң бұзушылықты Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тіркеген. Полиция қызметкерлері салют атқан адамның кім екенін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полиция мерекелік іс-шаралар азаматтардың тыныштығын бұзбауы және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс екенін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз: