Алматыда маңызды нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр

Жер сілкінісінен кейін Алматыда жағдай тұрақты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мамандары өзен арналары мен гидротехникалық нысандарды, сондай-ақ сел мен көшкін қаупі бар аумақтарды аралап шықты. Тіршілікті қамтамасыз ететін нысандар да тексерілді. Мамандардың айтуынша, тексеру кезінде ешқандай зақым байқалмаған. Қазір нысандардың бәрі қалыпты жұмыс істеп тұр. Қирау немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Еске сала кетейік Алматыдағы жер сілкінісінің қарқындылығы 3-4 балл болды. 

Сондай-ақ оқыңыз: