Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері уақытша жабылады

фото: ЖИ

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері 1-3 қазан аралығында уақытша жұмыс істемейді. Осы күндері азаматтар, көліктер мен жүктер шекарадан өткізілмейді, деп хабарлайды 24KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, шектеу Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты енгізіледі.

Осыған орай 1, 2 және 3 қазанда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы қатынас тоқтатылады.

Ал  Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Комитет азаматтар мен тасымалдаушыларға шекарадан өтуді жоспарлаған жағдайда уақытша шектеуді алдын ала ескеріп, бағытын өткізу бекеттерінің жұмыс тәртібіне сәйкес түзетуді ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыз: