Елімізде егін ору науқаны аяқталуға жақын. LIVE
Елде егіннің 83 пайызы жиналды, 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды. Орташа өнімділік әр гектардан 14,7 центнер.
Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында астықтың 95%-дан астамы орылды. Күзгі орақ үкімет отырысында талқыланып жатыр. Астық тасымалдау мен шаруаларды қажетті отынмен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне қойылған.