Амнистия аясында 2 621 адамға қатысты шешім қабылданды
Амнистия аясында 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім қабылданды, деп хабарлайды «24KZ» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1 шілдеде «Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Амнистия тек сотталғандарға ғана емес, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша тергеудегі адамдарға да қолданылады.
Бүгінгі таңда ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2 471 қылмыстық іс бойынша 2 621 адамға амнистия қолданды. Оның қолданылу аясы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуді көздейтін «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз