Елде 3 млн-ға жуық қарт бар
«Қарты бар үйдің қазынасы бар». Бүгін — қарттар күні. Біздің елде жасы 60-тан асқан жандар қарттар санатында саналады. Жыл басындағы есепке сүйенсек, бұл санатта 3 млн-ға жуық адам бар, деп хабарлайды 24KZ.
Аймақтар арасындағы алғашқы үштікті атап өтсек.
Ұлттық статистика бюросының есебі бойынша Алматы қаласы көш басында. Шаһарда 300 мыңнан аса қария өмір сүреді. Сондай-ақ Түркістан облысында 200 мыңнан астам егде адам бар. Ал көмірлі өлке Қарағанды облысында 212 мың 487 қарт ғұмыр кешіп жатыр.