Елде неміс технологиясымен жем-шөп өндіру зауыты салынады
Елде үй жануарларына арналған алғашқы жем-шөп өндіру зауыты салынады. Кәсіпорын Алматы облысының Алатау қаласында орналасады. Жоспар ауқымды, деп хабарлайды «24KZ».
Өңдеуден бастап, дайын өнімді өткізуге дейінгі тізбек пысықталып жатыр. Өндіріс барысындағы қаптау, логистика, инженерлік қызмет те жергілікті жерде жүргізіледі. Шикізаты да өзімізден. Жоба жоғары деңгейде мақұлданған. Яғни Президенттің Германияға ресми сапары кезіндегі бизнес-форумда құжатқа қол қойылған. Жауапты компаниялар да келісімге келді. Атап айтқанда, KazPetFood пен Wagner инжинирингтік компаниясы 31 млн еуро болатын ынтымақтастық шарт жасасқан. Зауыттың әу баста жылына 27 мың тонна құрғақ және ылғалды жем-шөп шығармақ. 350 жұмыс орны ашылады. Осылайша, ішкі нарықтағы импорттық өнімді азайтып, экспортты артады. Бір жағынан елде қосылған құны жоғары жаңа өнеркәсіптік саланың қалыптасуына негіз болады.