Қазақстан мен АҚШ іскерлік байланысты нығайтады

Вашингтонда өткен Қазақстан–АҚШ бизнес-форумына жүзден астам америкалық компанияның өкілдері жиналды, деп хабарлайды 24KZ.

B20 саммиті аясындағы басқосуды АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау мен АҚШ Сауда палатасының президенті Сюзанн Кларк ашты. Ландау Қазақстанның саммитке қатысушы елдер арасында ең үлкен делегациямен келгенін айрықша атап өтті. Мұны еліміздің халықаралық беделі мен әлемдік экономикадағы рөлінің арта түскенімен байланыстырды. Форум Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Үлкен жиырмалық» саммитіне жоспарланған сапары қарсаңында ұйымдастырылды. Тараптар көлік-логистика, энергетика, стратегиялық маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы және жасанды интеллект салаларындағы әріптестікті талқылады. Америкалық инвесторлар еліміздегі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға шақырылды. Кездесу қорытындысында сауда және инвестиция саласындағы бірқатар келісімге қол қойылды. Айта кетейік, АҚШ Сауда палатасы үш миллионнан астам америкалық компанияның мүддесін білдіреді. Қазақстан – осы ұйымның құрамында өз іскерлік кеңесі бар өңірдегі жалғыз мемлекет.

Сондай-ақ оқыңыз: