Астанада жылу беру маусымы 2 қазанда басталады

фото: depositphotos.com

Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, елордада 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымы 2 қазаннан басталады, деп хабарлайды 24KZ.

«Астана-Теплотранзит» компаниясы жылу энергиясын тұтынушыларға сенімді жеткізу және тарату үшін қажетті жұмыстарды жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.

Компания мәліметінше, жылу беру маусымына дайындық аясында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіліп, анықталған ақаулар жойылған. Сонымен қатар желілерде жөндеу және жаңғырту жұмыстары атқарылған.

Сондай-ақ оқыңыз: