Астана халық саны бойынша жаңа рекордтық көрсеткішке жетті
Астана халық саны бойынша жаңа рекордқа жетті.
Егер 1 тамызда елордада 1 млн 690 мың 605 адам тұрса, 1 қыркүйекте халық саны ресми түрде 1 млн 700 мың 385 адамға жетті. Жыл басынан бергі астанадағы адам саны 61 мыңға көбейген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Мекеме Қазақстан халқының саны туралы соңғы деректерді жариялады. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, Алматы және Түркістан облысы елдің ең тығыз қоныстанған өңірлері болып қалып отыр. Алматы қаласында 2 млн 387 мың, ал Түркістан өңірінде 2 млн 142 мың адам тұрады. Астана, Алматы қалалары және Түркістан облысынан бөлек, Шымкент, Жамбыл және Қарғанды облыстарында 1 миллионнан астам адам тұрады. Қазақстанның халқы ең аз қоныстанған өңірлері: Ұлытау облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Абай облысы.
ХАЛЫҚ САНЫ ЕҢ КӨП ӨҢІРЛЕР
Астана 1 700 385
Алматы қаласы 2 387 896
Түркістан облысы 2 142 709
1 млн АСТАМ АДАМ ТҰРАТЫН ӨҢІРЛЕР
Алматы облысы 1 615 631
Шымкент қаласы 1 316 888
Жамбыл облысы 1 210 084
Қарағанды облысы 1 130 123
ХАЛЫҚ САНЫ ЕҢ АЗ ӨҢІРЛЕР
Ұлытау облысы 217 274
Солтүстік Қазақстан облысы 510 756
Абай облысы 590 702