Өскеменде қарт майдангерлерге құрмет көрсетілді
Қарттар күні мерекесіне орай Өскеменде соғыс және тыл ардагерлеріне сый-құрмет көрсетілді.
Ғасыр жасаған қариялар тұратын үйдің ауласына әскери оркестр барып, ән шырқап, ерекше көңі-күй сыйлады. Жалпы соғыс көрген және тылда тер төккен ардагерлер қатары азайып барады. Сондықтан олармен жүздесіп, өсиетін тыңдап, еңбегі мен ерлігін ұрпаққа өнеге ету маңызды, дейді ұйымдастырушылар.
II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері Анастасия Светочева 104 жаста. Қарт майдангердің ауласында нағыз салтанатты шеру өтті. Патриоттық әндер қарияны бір серпілтіп тастағандай.
Анастасия Светочева, ҰОС ардагері:
- Қонақ келгенді жақсы көрем. Мұндай қошеметтен күш-қуат жинаймын. Сондықтан ұзақ өмір сүріп жатқан болармын.
Ұлттық ұлан қызметкерлері жауынгер әжейдің жағдайын жиі біліп, арасында көмектесіп тұрады.
Меруерт Дәмиханова, 3477 әскери бөлімінің әскери қызметкері:
- Әрдайым келіп,көмектесіп қолғабыс етіп үйін жинап деген сияқты көмектесіп жүреміз,осы ардагер апамызға тек денсаулық тілейміз,жасы ұзақ болсын.
93 жастағы тыл ардагері Иван Гагариннің есік алдында да әскери парад ұйымдастырылды. Қарияның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген. Сондықтан доп қумай, ерте еңбекке араласты. Кейін 30 жылдан астам ғұмырын әскери салаға арнады. Қарттарға көрсетілген қолдау-қошеметке риза.
Иван Гагарин, тыл ардагері:
- Жауынгер бауырлар байланысы,ұрпақ сабақтастығы ешқашан үзілмейді.Бұл қазақ халқының салт-дәстүрінде де бар дүние. Қазақ елі қарттарға ерекше құрмет көрсетеді,сонысымен де көпке үлгі.
Өскемендегі соғыс көрген майдангерлер қатары азайып келеді. Бүгінгі таңда шаһарда Ұлы Отан соғысының 4 ардагері бар. Ал тылда еңбек еткендер 1714 адам.
Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин