«Болашақ» тізімі тағы бір университетпен толықты

ЖИ

«Болашақ» тізімі Бостон университетімен толықты, деп хабарлайды «24KZ».

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына толықтыру енгізілді.

Атап айтқанда, 2024-2026 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізіміне АҚШ-тың Бостон университеті қосылды.

Бостон университеті — әлемнің топ-100 университетінің қатарындағы ірі зерттеу орталығы.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: