Жоғары Сот кеңесі судьялар өтініштерін қарады
Жоғары Сот кеңесінің отырысында Сот жюриінің шешімдеріне шағымданған алты судьяның өтініштері қаралды.
Кеңес жюри шешімдерін негізді деп танып, оларды күшінде қалдырды. Бұдан бөлек, кеңес бірқатар судьяны лауазымдарынан босату туралы ел Президентіне ұсынымдар енгізді. Атап айтқанда, зейнеткерлік жасқа толған судьялардың өтініштері қаралды. Соған сай бірнеше судья мен сот алқасының төрағасын әртүрлі негізде лауазымдарынан босату шешімі қабылданды. Сондай-ақ отырыста Құрылтай депутаты Жоғары сот кеңесінің құрамына енгені мәлім болды. Енді Құрылтайдың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ кеңес жұмысына қатысады.
Үнзила Шапақ, ҚР Құрылтайының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы:
- Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты әрі Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы ретінде қатыстым. Отырыста сот билігінің жүзеге асырылуына, судьялардың жүріс-тұрысына, сондай-ақ олардың атқаратын қызметі барысында туындайтын кейбір даулы мәселелерге қатысты мәселелер талқыланды.