Астанада кезекте тұрғандарға 562 пәтер ұсынылады

фото: depositphotos.com

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 562 пәтер кредитке сатылмақ. Пәтердің бір шаршы метрі 332 916 теңгеден болады. Өтініш қабылдау жақын уақытта басталады, деп хабарлайды 24KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Пәтерлерді сатып алуға өтініш Baspana Market платформасындағы жеке кабинет арқылы онлайн беріледі.

Тұрғын үй А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Барлығы 562 пәтер бөлінген. Оның 166-сы – бір бөлмелі, 276-сы – екі бөлмелі, 80-і – үш бөлмелі, 40-ы – төрт бөлмелі.

Пәтерлер толық әрленіп, дайын күйінде ұсынылады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 5%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 5,2%-дан 5,8%-ға дейін. Алғашқы жарна кемінде 10% болуы керек.

Тұрғын үй Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында үлестіріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: