Жыл соңына дейін елде eGov GPT арқылы 150 түрлі қызмет іске қосылады. LIVE
Қазірдің өзінде электронды үкімет қосымшасында 51 қызмет түрі қолжетімді. Мұны Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында айтты. Басқосуда Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру жайы қаралды. Цифрландыру барысы қалай іске асып жатыр?