Шымкентте үш канал жаңартылып жатыр

Шымкентте үш мың үйі бар Елтай тұрғын алабын су басудан қорғау үшін үш канал жаңартылып жатыр.

Құрылыс жұмыстары осы айдың соңында аяқталады. Каналдардың табаны тереңдетіліп, қос қапталы нығайтылуда. Осылайша, тасқын мен жауын суынан келетін қауіп сейіледі. Жалпы қалада табиғи апаттың алдын алу мақсатында іс-шара жоспары жасалып, жеті гидротехникалық нысанды жаңғырту жобасы бекітілді. Осыған сәйкес Бадам, Сайрамсу өзендерінің жағалауы бетондалып, Текесу су қоймасы күрделі жөндеуден өтеді. Сонымен қатар Текесу каналы, Ақсай-Қарабастау және Ақжар-Бадам арналары жаңғыртылады. 

Әбілқайыр Оңғар, қалалық Жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы:

- Күзгі жауын-шашынға дайындық жұмыстары басталып кетті. Қаламыздағы 34 каналдарымыз, өзендеріміз механикалық тазалау жұмыстарынан өткізілуде. Сонымен қатар нақты су алу қаупі бар, алдағы уақытта қауіп төнетін аумақтарды зерделеп, 2026-2030 жылдарға іс-шара жоспарын дайындап бекіттік. 

Сондай-ақ оқыңыз: