Қазақстан мен Кореяның жоғары білім саласындағы байланысы артады

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның жоғары білім саласындағы ынтымақтастығы барған сайын ұлғайып келеді.

Қазір екі ел университеттері арасында 230-дан астам келісім бар. Олар жасанды интеллектен бастап автокөлік, энергетика және және басқа да салаларда мамандарды бірлесіп даярлауды көздейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға сапары ғылым мен жоғары білім саласындағы серіктестікке тың серпін берді. 

Владислав Цой, тілші:

- Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жоғары білім беру саласында ерекше қарым-қатынас орнатылған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулге жасаған жақындағы сапары барысында атап өткендей, екі елдің университеттері 230-дан астам келісім аясында академиялық байланысты қарқынды дамытып жатыр.

Соңғы төрт жылда кореялық жеті жоғары оқу орнының филиалы ашылды. Қорқыт Ата атындағы университет ішінде Сеул ұлттық техникалық университетімен бірлесіп, қазірдің өзінде бес жүзге жуық студент оқытылады. Конджу мен Қарағанды техникалық университеті де байланысты нығайтып жатыр. Алматы, Қостанай және Қарағанды қалаларында 4 корей тілі орталығы жұмыс істейді. Қостанай университеті «Дон-ый» университетімен бірлесіп автомобиль кластерына арналған мамндар даярлайды. Ал Түркістан қаласында Вусонг университетінің кампусы ашылды.

Ким Хон Ги, "Woosong University Kazakhstan" ректоры:

- Түркістандағы университетімізде 300-ге жуық студент жасанды интеллект және деректер ғылымын оқып жатыр. Болашақта бағыттарымызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Олар: ақпараттық қауіпсіздік, теміржол ісі және менеджмент. Сонымен қатар біздің Тэджондағы кампусымызда 80-ге жуық қазақстандық студент білім алып жатыр.

15.09.2026 жыл

Президент Тоқаевтың сапары барысында жетекші корей зерттеу университеті КАИСТ-тың кампусын салу туралы келісімге қол қойылды. Бұл университетте электроника, жаңа материалдар мен энергетика, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бойынша мамандар дайындайды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Арамызда ірі жоба пайда болды. Ол Алатау қаласының құрылысы. Бүгін біз Алатау қаласында Кореяның KAIST институтының филиалын ашу туралы келісімге қол қоямыз. Бұл қадам білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастығымызды тереңдетуге тың серпін береді деп ойлаймын.  

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Төртеуі толыққанды жасанды интеллект, компьютерлік инженерияға бағытталған. «Вусоң» университеті, «СеулТек», «КАИСТ», басқа да ашылып жатқан университеттер, олар міндетті түрде осы жасанды интеллект саласындағы курстар. Кореяның потенциалы, деңгейі өте жоғары. Қазіргі таңда әсіресе «КАИСТ», «СеулТек» өте үлкен мән беруде. Ең мықты профессорлар, оқытушылар тартуда. Сондықтан тікелей сол бағдарламалар Қазақстанға енгізілетін болады. 

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ

Сирек металдар корей институты Сәтбаев университеті жанындағы Метрология және кен байыту институтымен бірлесіп, корей-қазақстандық сирек металдар ғылыми-зерттеу орталығын ашады. 

Владислав Цой, тілші:

- Екі ел тіпті ғарыш саласы үшін де мамандар даярламақ. Бұл іске Кореяның аэроғарыштық гиганты - «Ханхва» бірлестігі және Сеул ұлттық университеті қатысуға дайын. Бұл жоба Қазақстанда егжей-тегжейлі талқыланады. Университет басшылығы қараша айында Астанада өтетін ірі білім форумына қатысып, Байқоңыр ғарыш айлағын аралап көруге шақырылды.

Владислав Цой, Ольга Лян

Сондай-ақ оқыңыз: