Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші қамауға алынды
Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзып, кортеж ұйымдастырған адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық полициясының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы Диас Әділбековтің Шымкентте жүргені анықталды.
Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Диас Әділбеков негізгі көліктің соңынан бірінші болып жеткен жүргізушіге 600 доллар сыйақы ұсынған. Кейін кортеж қатысушылары жалпы пайдаланымдағы жолдарда Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндірген, - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз