ҰҚК: Сыбайлас жемқорлық істері бойынша 93 адам күдікті деп танылды
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қыркүйек айында 106 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды 24KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану деректеріне қатысты.
Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды.
Сонымен қатар 81 қылмыстық істің тергеуі аяқталды. Оның 78-і сотқа жолданды.
Анықталған залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрады. Бұл сома тергеуі аяқталған қылмыстық істер бойынша есептелген.
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тергеу жұмыстарын жалғастыруда.