Қонаевта спорт кешені салынып жатыр

Қонаевта дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Аталған жоба «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы компаниялар тобының қолдауымен қайырымдылық жобаларының бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы жүзеге асырылуда. Спорт нысаны келер жылы халық игілігіне беріледі.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры биыл спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 11 жаңа жобаны іске асырды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен инклюзивті спорт орталықтары еліміздің 9 өңірінде бой көтереді. Соның бірі Қонаев қаласындағы жалпы аумағы 2 мың шаршы метрлік әмбебап спорт кешені. Жобаның жалпы құны – 1,6 млрд теңге.

Елубай Сатыбалдиев, учаске басшысы:

- Бүгінгі күнде нысанның конструктивті құрылыстарының бәрі, жұмыстары бітірілген. Құрылыста қазір 50-60 адам әр салада жұмыс істеп жатыр. Материалдық жағынан барлық жабдық келген осында. Заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Мұнда әмбебап спорт залы мен күрес, бокс, жаттығу залы, 100 адамдық көрермендер мінбері және жеделсаты орнатылады. Ол мүгедектігі бар адамдардың спорт кешенінде емін-еркін жүріп тұруына мүмкіндік береді.

Данияр Жеңіс, Алматы облыстық құрылыс басқармасының бас маманы:

- Алматы облыстық құрылыс басқармасы «Samruk-Kazyna Trust» компаниясымен бірлесе отырып толыққанды нысандардың сапасын және техникалық қадағалау ұйымдарымен бірге, бірлесе отырып сапасын қадағалайды. Жұмысын жүргізіп жатқанын толығымен уақытылы өткізу үшін бірлесе отырып жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Облыс бойынша алдағы уақытта Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Ұйғыр, Кеген, Райымбек аудандарында жаңа спорт кешендері ашылады. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен 2016-2026 жылдары өңірде жалпы құны 2,4 млрд теңгенің 9 жобасы жүзеге асты. 

Ардақ Айбарұлы, Аят Дүйсенбай

Сондай-ақ оқыңыз: