Астанада LRT екінші кезегі: 20 станция мен 26,51 км жаңа желі салынады

Астана қаласы әкімдігі

Астанада LRT жобасының екінші кезегі аясында тағы 20 станция мен 26,51 километр жаңа желі салу жоспарлануда. Нәтижесінде, Tarlan Astana желісінің жалпы ұзындығы 48,91 шақырымға, ал станциялар саны 38-ге жетеді, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңа желі үш бағытта «Астана-1» вокзалы, Жағалау тұрғын алабы және Қосшы қаласы салынбақ. 

Оң жағалау : Сарыарқа, Жеңіс проспектілері мен «Астана-1» вокзалы маңында 5 станция салынады.

Қосшы бағыты: 9 километрлік бұл учаскеде 3 станция жұмыс қарқынды жүріп жатыр - қазір тіректер мен эстакада тұрғызылуда.

Қазір оң жағалауда геологиялық ізденіс жұмыстары мен құрылыс-монтаж жұмыстарына дайындық жүргізіліп жатыр.

Tarlan Astana желісін ұзарту учаскесіндегі негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары геологиялық зерттеулер аяқталғаннан кейін басталады, - деп хабарлады CTS.

Жұмыстың құны мен нақты аяқталу мерзімі әзірге бекітілмеген, ол қаржыландырудың уақтылы бөлінуіне байланысты болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз: